«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS, International Sports Press Association) 1924 жылы, 2 шілде күні құрылған.

Бүгінде оның құрамына екі жүзге тарта мемлекеттің спорт журналистері федерациясы (қауымдастығы, одағы) кіреді. 

1995 жылдан бері, 2 шілде AIPS шешіміен, Халықаралық спорт журналистері күні болып аталып өтіп келеді.

2024 жылы AIPS өзінің 100 жылдығын атап өтті. Жыл бойы ұйымдастырылған шаралардың бәрі бір ғасырлық мерейтойға арналды.

Қазақстан AIPS құрамына 1993 жылы кірген. Әуелде «Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы» болып құрылды. Іргесін қалаған – танымал спорт журналисі, жазушы және қоғам қайраткері Несіп Жүнісбайұлы.

Кейіннен заман талабына сәйкес «Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы» ЖШС болып, құқықтық нысанын өзгертті.

2013 жылы Несіп ағамыз жастарға жол беріп, президенттік тізгінді өз қолымен Ілияс Омаровқа тапсырды.

2021 жылы «Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы» ЖШС-і уақыт көшіне сай, «Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры болып, құқықтық нысанын тағы өзгертті.

 

Қолдау көрсеткен