«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Жыл үздіктері – 2024

Жыл үздіктері – 2024

Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. 

Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2024 жыл отандық спорт үшін ерекше жыл болғанын атап өтті. Қазақстандық спортшылар биыл халықаралық ірі жарыстарда табысты нәтиже көрсетсе, елімізде ірі жарыстар ұйымдастырылды.

Жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылғандар:

  • Елдос Сметов, Давид Дегтярев – «Жылдың үздік спортшысы»;
  • Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»;
  • Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы»;
  • Қуанышбек Есекеев, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясының президенті»;
  • Еркебұлан Ілиясов, «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президенті – «Үздік спорт меценаты»;
  • Kaz Minerals - «Үздік спорт меценаты»;
  • Ғизат Түсіпаев – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»;
  • Ерлан Тасболатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері»;
  • Дархан Шариғатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы»;
  • Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі»;
  • Алматы қаласындағы «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» – «Жылдың үздік спорт ұйымы»;
  • Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы – «Үздік спорттық өңір»;
  • Илья Мизерных – «Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы»;
  • Сергей Сергеев – «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»;
  • Надежда Ким – «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»;
  • Ақмарал Науатбек – «Спортта үздік серпін»;
  • Жандос Айтбайұлы («Хабар» телеарнасы), Қуаныш Нұрданбекұлы («Егемен Қазақстан» газеті), Назерке Сұлтанбек («Sport+» сайты) – Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаттары.

Қолдау көрсеткен