«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Конференция лигасы: «Ақтөбе» өз алаңында «Спартадан» айласын асырды

Конференция лигасы: «Ақтөбе» өз алаңында «Спартадан» айласын асырды

«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасымен ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Сөйтіп, алаң иелері Қобыланды батыр стадионында 11 жылдан бері алғаш рет жеңісті тойлады.

Бұған дейін «Ақтөбе» Еурокубок аясында соңғы рет 2014 жылдың 23 шілдесінде жеңіске («Динамо» (Грузия) жеткен болатын. Ал бүгінгі ойынның 29-минутында «Ақтөбе» сапынан Дэниел Соса мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймда да алаң иелері екінші голды салуға тырысты. Соның нәтижесінде Оралхан Өміртаев 83-минутта таблодағы есепті өзгертті. Ал 90-минутта «Ақтөбе» қақпасына белгіленген пенальтиден «Спарта» футболшысы Велько Бирманчевич мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Енді екінші матч 31 шілдеде болады.

«Ақтөбе» еурокубок ойындарын Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен бастап, Польшаның «Легия» командасынан (0:1, 0:1) есебімен жеңілген еді.

Бүгін «Астана» өз алаңында Молдованың «Зимбру» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.

Бұдан бұрын Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Финляндияның «КуПС» командасына есе жіберді.

 

Дастан КЕНЖАЛИН,

АСТАНА

Фото: «Ақтөбе» ФК

 

 

Қолдау көрсеткен