Спорт журналистері мен жанкүйердің назарына!
Құрметті әріптестер, спорт жанашырлары!
Сіздерге Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS, International Sports Press Association) 2026-2027 жылдарға арналған картасын алуға мүмкіндік жасалып отырғанын хабарлаймыз.
АИПС-тің картасы екі жылда бір рет беріледі. Оны алған адам шетелге іс-сапарға немесе демалысқа шыққанда картаны көрсетіп, кез келген жарысты тамашалай алады.
Картаны алу үшін Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының ресми сайтына кіріп, анкетаны толтырып, тіркелу керек. Картаның бағасы – екі жылға 40 еуро. Одан кейін оны сайттағы анкетаны толтырып, екі жылда бір рет жоғарыда аталған соманы төлеп, ұзартып отыруға болады.
Сайттағы анкетаны толтырып, тіркелген соң, 40 еуроны қолма-қол «Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қорының өкілдеріне тапсырасыздар. Қордың өкілдері ақшаны жылдың соңына қарай Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығына жібереді. Содан кейін сіздерге АИПС-тің картасы беріледі.
Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының картасын алу үшін мына телефон номеріне хабарласыңыздар.
8 707 747 04 71
Құрметпен, «Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры
Анықтама
Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS, International Sports Press Association) 1924 жылы, 2 шілдеде құрылған.
Бүгінде оның құрамына 200-ге тарта мемлекеттің спорт журналистері федерациясы (қауымдастығы, одағы) кіреді.
1995 жылдан бері, 2 шілдеде AIPS шешімімен, Халықаралық спорт журналистері күні болып аталып өтіп келеді.
2024 жылы AIPS өзінің 100 жылдығын атап өтті. Жыл бойы ұйымдастырылған іс-шаралардың бәрі бір ғасырлық мерейтойға арналды.
Қазақстан AIPS құрамына 1993 жылы кірген. Әуелде 1992 жылы Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы болып құрылды. Іргесін қалаған – танымал спорт журналисі, жазушы және қоғам қайраткері Несіп Жүнісбайұлы.
Кейіннен заман талабына сәйкес «Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы» ЖШС болып, құқықтық формасын өзгертті.
2021 жылы «Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы» ЖШС-і уақыт көшіне сай, «Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры болып, құқықтық формасын тағы өзгертті.