Белгілі спорт журналисі Диля Ибрагимова мәңгілік мекенге аттанды
Отандық журналистиканың өкілі, белгілі спорт журналисі және спорт жаңалықтарының тележүргізушісі Диля Ибрагимова ауыр науқастан қайтыс болды.
Ол бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күресті. Диля Ибрагимова отандық телевизия саласында жұмыс істеді. «Таң», КТК, «Хабар» телеарналарындағы спорт жаңалықтарының жүргізушісі болып қызмет етті.
Оның жылы даусын, кәсіби шеберлігін және спортқа деген адалдығын көптеген әріптестері мен көрермендері ерекше құрметпен еске алып отыр.
«Спорт басылымдары федерациясы» қоғамдық қорының ұжымы мен kazaips.kz сайтының редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қазаға қайғырып көңіл айтады.
Фото Диля Ибрагимованың жеке мұрағатынан алынды