«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Гимнастикадан ӘЧ: Ақмарал Ерекешева екі жаттығудан бірінші болып шықты

Гимнастикадан ӘЧ: Ақмарал Ерекешева екі жаттығудан бірінші болып шықты

Болгарияның астанасы – София қаласында (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің бірінші күні болды.

Гимнаст Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатының финалында екі жаттығу бойынша да бірінші орынды алды. Жарыста спортшылар доп және шығыршықтағы жаттығуларда өнер көрсетті.

Осы екі жаттығу түрінде де Ақмарал Ерекешева бірінші орынды иеленді.

Гимнаст шығыршықтағы жаттығуда 26.400 ұпай, ал доппен - 25.550 ұпай жинады.

Енді ертең іріктеу кезеңінің екінші күні болады. Финалдық кезең 21 маусымда басталады.

 

Дастан КЕНЖАЛИН,

АСТАНА

Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Қолдау көрсеткен