«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Кикбоксингтен ӘЧ: Қазақстан құрамасында 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль

Кикбоксингтен ӘЧ: Қазақстан құрамасында 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль

Бүгін БАӘ-нің Әбу-Даби қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биылғы бәсекеге ұлттық құрама сапында 49 спортшы қатысып, команда 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль иеленді. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте 12-орын алды. Барлығы жүлде алған мемлекеттер саны 49.

Назарыңызға әлем чемпионатында жүлде алған спортшылар тізімін ұсынамыз:

Фулл-контакт бөлімі:

Алтын – Нұрасыл Тілектесов (51 кг)

Алтын – Дінмұхаммед Баймұратов (54 кг)

Алтын – Батырхан Қуандықов (67 кг)

Күміс – Мақсат Үсіп (71 кг)

Күміс – Марғұлан Айдарұлы (75 кг)

Күміс – Мұса Мерзиев (63,5 кг)

Күміс – Фазлиддин Сафаров (+91 кг)

Қола – Лаура Нышанбай (56 кг)

Қола – Тимур Ганза (81 кг)

К-1 бөлімі:

Күміс – Жандос Назарбеков (60 кг)

Қола – Әли Әбутәлі (67 кг)

Лоу-кик бөлімі:

Күміс – Әлихан Оздоев (67 кг)

Күміс – Дулат Дүйсенов (60 кг)

Күміс – Диас Карманов (57 кг)

Күміс – Шара Хамзина (65 кг)

Қола – Нұрман Әбілтай (51 кг)

Қола – Сарвар Сулайманов (54 кг)

Қола – Илмаил Люшанло (63,5кг)

Қола – Бекнұр Дауылбаев (+91 кг)

Лайт-контакт

Күміс – Нұрсәт Ғалымбекұлы (+94 кг)

Кикбоксинг елімізде бұқаралық сипат алған қоян-қолтық спорт түрінің бірі. Бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді әрі биыл ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне кірді. 

Әбу-Дабидегі чемпионат 21 қарашада басталып, 85 елден 1964 спортшының басын қосты.

 

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

 

 

Қолдау көрсеткен