Айбар Қайым семсерлесуден Әлем кубогының кезеңін жеңіп алды
Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германияда кадеттер арасында өткен Әлем кубогының кезеңін жеңіп алды.
Ол семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды.
Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді.
Бұған дейін де спортшы Әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
Фото: Ұлттық Олимпиялық комитет