«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Төреші Татьяна Сорокопудова УЕФА-ның бірінші санатын алды

Төреші Татьяна Сорокопудова УЕФА-ның бірінші санатын алды

Қазақстан футбол федерациясы отандық төреші Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы УЕФА төрешілерінің бірінші санатына көтерілгенін хабарлады.

-Бұл шешім Татьяна Сорокопудованың кәсіби деңгейінің өскенін көрсетеді және оның көп жылдық еңбегі, жүйелі дамуы мен ұлттық әрі халықаралық деңгейдегі тұрақты жұмысының нәтижесі саналады.

УЕФА-ның бірінші санатына көтерілуі – оның жеке жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы төрешілік жүйенің біртіндеп дамып келе жатқанын және әйелдер арасындағы төрешіліктің халықаралық аренадағы позициясы нығайып отырғанын айқындайды, - делінген хабарламада.

ҚФФ-ның хабарлауынша, осыған дейін Татьяна Сорокопудова УЕФА аясындағы халықаралық матчтарды басқарып, сондай-ақ ел ішіндегі жарыстарда тұрақты түрде төрешілік етіп келді. Оның халықаралық ойындарға тағайындалуы дайындық деңгейінің жоғары екенін және еуропалық төрешілік талаптарына толық сай екенін көрсетеді.

-Арбитрдің УЕФА-ның бірінші санатына көтерілуі – елдегі төрешілер корпусының дамуындағы маңызды кезең. Бұл жетістік, сонымен қатар, әйелдер футболындағы төрешілерді жүйелі түрде дайындау мен қолдаудың нақты нәтижесін айқындайды, - делінген одан әрі материалда.

Қазақстан футбол федерациясы мен Kazaips.kz және SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайттары Татьяна Сорокопудованы осы жетістігімен құттықтап, халықаралық деңгейде алдағы жұмысына сәттілік тілейді.

 

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

 




Қолдау көрсеткен