«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Александра Скороходова тау шаңғысынан жеңімпаз атанды

Александра Скороходова тау шаңғысынан жеңімпаз атанды

Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Ол әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті.

Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үшінші орынға АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер ие болды.

 

Рүстем ЖҰМАН,

АСТАНА

Фото: Ұлттық Олимпия комитеті

Қолдау көрсеткен