«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Пара биатлоннан Әлем кубогы: Ербол Хамитов - қола жүлдегер!

Пара биатлоннан Әлем кубогы: Ербол Хамитов - қола жүлдегер!

Пара биатлоннан өткен  Әлем кубогында Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықты 38 минут 21  секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Осы дистанцияда бірінші орынды украиндық спортшы Тарас Рад (37:08), ал  екінші  орынды  АҚШ спортшысы Пайк Аарон (38:16) алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Пара биатлонан Әлем кубогы Польшадағы Якушице қаласында 22-25 қаңтар аралығында болды. Оған Қазақстан, Канада, Ұлыбритания, Бразилия, Испания, АҚШ, Украина және Италия елдерінің үздік спортшылары қатысты.

Жарысқа 6-15 наурыз аралығында өтетін XIV қысқы  Паралимпиаданың рейтингтік жарыстарының бірі.

Бұдан кейін, ұлттық құрама 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Якушицеде пара шаңғы жарысынан өтетін Әлем кубогында бақ сынайды.

 

Фото: Туризм және спорт министрлігі

 

Қолдау көрсеткен