«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Велоспорттан АЧ: Евгений Федоров тас жолда топ жарды

Велоспорттан АЧ: Евгений Федоров тас жолда топ жарды

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет.

Ол топтық жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Спортшы 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды.

Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй, үшінші орынды Абдулла Жасим Әли (БАӘ) иеленді.

 

Фото: Ұлттық Олимпиялық комитет

Қолдау көрсеткен