«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Конькимен жүгіру: Қазақстан спринтте жеңіске жетті

Конькимен жүгіру: Қазақстан спринтте жеңіске жетті

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Варвара Глухова, Анастасия Беловодова мен Кристина Шумековадан құралған әйелдер командасы командалық спринтте 1:28.77 уақыт көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Екінші орынды Польша құрамасы иеленсе, үшінші сатыға Канада спортшылары көтерілді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы медаль саны алтауға жетті. Бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ көпсайыста алтын медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, ол 3000 метрде күміс жүлдеге ие болды.

Бүгін отандастарымыз тағы бір медаль үшін бақ сынайды. Анастасия Беловодова, Кристина Шумекова, Михаил Матрюхин және Руслан Жаңаділов аралас эстафетада ел намысын қорғайды.

 

Фото: Ұлттық Олимпиялық комитет

 

Қолдау көрсеткен