«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Су добынан ӘЧ: Қазақстан екінші жеңісіне жетті

Су добынан ӘЧ: Қазақстан екінші жеңісіне жетті

Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші матчын Сингапур командасымен ойнап, қарсыласын 16:15 есебімен жеңді.


Ойынның негізгі уақыы тең аяқталды. Содан кейін отандастарымыз пенальти сериясында сингапурлықтардан  басым түсті. Қорытынды есеп - 16:15. Ернар Тілекқабыл үздік ойыншы атанды.

Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы алғашқы ойында  Мысырдан 9:14 есебімен жеңілген болатын.

Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругвай ватерполистерімен ойнайды.

 

Дастан КЕНЖАЛИН

Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қолдау көрсеткен