«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

U23 Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары топ жарды

U23 Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары топ жарды

Вьетнамның Вунгтау қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U23 жас санатындағы Азия чемпионатында басқа салмақтағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін ерлер 4 салмақта сынға түсті. Соның ішінде Қазақстан командасына 2 жүлде бұйырды. Алтын медальді Ерасыл Мамырбеков (-55 кг), күміс жүлдені Мақсат Сайлау (-87 кг) алды. Сөйтіп, грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі  ұлттық құрама Азия чемпионатында бірінші орын алды (4 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль).

Сондай-ақ бүгін әйелдер күресінен бірнеше салмақта белдесулер болды. Бұл сында Виктория Хусаинова (-59 кг) Азия құрлығының мықтысы болса, Ангелина Первухина  (-55 кг) үздік үштіктен көрінді.

 

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Қолдау көрсеткен