«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Анна Данилина әлемдік рейтингіде көтерілді

Анна Данилина әлемдік рейтингіде көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 11-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 34-тен 33-ке көтерілді. Зарина Дияс 274-тен бірден 246-ға жоғарыласа, Жібек Құламбаева 306-да қалды.

Өткен аптада Истбурн WTA 250 турнирінде үздік шыққан Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 9-дан 8-ге шықты. Бұл оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші болып есептеледі.

 

Фото:  Қазақстан теннис федерациясы

 

Қолдау көрсеткен