«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Қысқы Универсиадада – Қазақстан Туын ұстап шығатындар

Қысқы Универсиадада – Қазақстан Туын ұстап шығатындар

Туринде өтетін XXXII Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан Туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды. Олар – фристайлшы Аяулым Әмренова мен хоккейші Абылайхан Сүлейменов.

Аяулым Әмренова – фристайлдан еліміздің ұлттық құрамасының үздік спортшылардың бірі. Ол 2017 жылғы Еуропа кубогы кезеңдерінде алтын, күміс және қола жүлделер еншілеген. Сондай-ақ 2018 жылы Пхёнчханда және 2022 жылы Бейжіңде өткен екі Олимпиада ойындарына қатысты.

Абылайхан Сүлейменов – шайбалы хоккейден "Номад" командасының ойыншысы. Көптеген халықаралық турнирлерде өнер көрсеткен, сонымен қатар АҚШ-та өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарына қатысқан. Онда Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болғанын білесіздер. 

Жалпы, 2025 жылғы қысқы Универсиада 13-23 қаңтар аралығында Туринде өтеді. Дүбірлі додаға 57 елден шамамен 2000 спортшы қатысып, спорттың 11 түрінен 96 медаль жиынтығын сарапқа салады.

 

Фото — qazsporttv

Қолдау көрсеткен