«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Пари Сен-Жермен» мен «Челси» финалда ойнайды

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Пари Сен-Жермен» мен «Челси» финалда ойнайды

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына берілген екінші жолдамаға ие болды.

Париждің клубы жартылай финалда Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчта Фабиан Руис 6-минутта есеп ашса, одан кейін Усман Дембеле 9-минутта екінші голдың авторы атанды. «Реалдың қақпасына үшінші допты 27-минутта тағы да Фабиан Руис тоғытты. Ойынның соңында Гонсало Рамуш таблодағы есепті өзгертті. Ол 87-минутта матчқа қалың нүкте қойды.

Енді «Пари Сен-Жермен» 13 шілдеде финалда Англияның «Челси» клубымен бас жүлдені сарапқа салады.

Әлем чемпионатының жүлде қоры — 1 миллиард АҚШ доллары. Чемпион болған команда 125 миллион долларды қалтасына Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Биылғы доп додасында «Пари Сен-Жермен» мен «Реалды» санамағанда 30 команда қатысты.

 

Рүстем ЖҰМАН,

АСТАНА

Фото: rfi.fr

Қолдау көрсеткен