«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Еуропа лигасы: «Ақтөбе» сырт алаңда «Легияға» есе жіберді

Еуропа лигасы: «Ақтөбе» сырт алаңда «Легияға» есе жіберді

 «Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен ойнап, жеңіліп қалды.

Матчты «Ақтөбе» жақсы бастады. Ақтөбенің клубы сапынан Оралхан Өміртаев 9-минутта гол салып еді. Алайда төреші Оралханның ойыннан тыс қалғанын айтып, оны санамады. 25-минутта «Легия» алға шықты. Голдың авторы - Ваган Бичахчян.

Осыдан кейін «Ақтөбе» есепті теңестіруге ұмтылса да  мақсатына жете алмады.

Қорытынды есеп – 0:1. Ойын «Легияның» пайдасына шешілді.

Енді екінші матч 17 шілдеде болады.

Бұдан бұрын Алматының «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу турнирінде сырт алаңда Словенияның «Олимпия» клубымен 1:1 есебімен тең түсті.

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу турнирінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасынан 3:4 есебімен жеңілді.

 «Астана» болса, турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастайды.

 

Рүстем ЖҰМАН,

АСТАНА

Фото: sports.kz

Қолдау көрсеткен