Қазақ күресінен Әлем чемпионаты аяқталды

Үндістан астанасында қазақ күресінен ересектер арасындағы кезекті Әлем чемпионаты көмбесіне жетті.
ХІ Әлем чемпионаты Нью-Дели төріне төселген кілемде өтті. Екі күн бойы ерлер және әйелдер арасында 8 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Осы 16 салмақ дәрежесінің бәрінде сынға түскен Қазақ елі балуандары 15 медаль (11 алтын, 2 күміс, 2 қола) еншіледі. Тек әйелдер арасындағы 77 келі салмақта жүлде бұйырған жоқ.
Екі алтын Өзбекстанға бұйырса, Үндістан, Грузия және Нидерланд елдерінің балуандары бір алтыннан олжалады. Күміс және қола алған мемлекеттердің саны – біршама. Бұл ұлттық күресіміздің төрткіл дүниеге тамыр жайып бара жатқанын сездіретіндей.
Енді екінші күнгі белдесулер нәтижесімен таныс болыңыздар:
Ерлер:
82 кг
І орын – Yersin SEITKAZYNOV KAZ
ІІ орын – Saidkabirzoda KHAIDARI TJK
ІІІ орын – Umid ESANOV UZB
ІІІ орын - Abdulla ABDULLAEV AZE
90 кг
І орын – Aidos GALYMOV KAZ
ІІ орын – Khaknazar NAZAROV TJK
ІІІ орын – Damian Jaroslav SZWARNOWIECKI POLБ
ІІІ орын - Aleksandr MARMELJUK EST
100 кг
І орын – Yersultan MUZAPPAROV KAZ
ІІ орын – Bakhriddin ABDURAYIMOV UZB
ІІІ орын – Zurab CHAGELISHVILI GEO
ІІІ орын – Tomasz Pawel SZCZEPANIAK POL
+100 кг
І орын – Muksin KHISOMIDDINNOV UZB
ІІ орын – Nurdaulet ZHARYLGAPOV KAZ
ІІІ орын – Onise BUGHADZE GEO
ІІІ орын – Dadakhon KURBONALIEV TJK
Әйелдер:
65 кг
І орын – Zarina SARIPOVA KAZ
ІІ орын – Regina UTNELISHVILI GEO
ІІІ орын – Dunja LUKIC SRB
70 кг
І орын – Sem VAN DUN NED
ІІ орын – Roza NYSSANTAIKYZY KAZ
ІІІ орын – Shahana ALMAMMADOVA AZE
77 кг
І орын – Nino ODZELASHVILI GEO
ІІ орын – Ravzakhon ADASHEVA UZB
ІІІ орын – Luz Clara VAZQUEZ ARG
+77 кг
І орын – Albina BAKHIYEVA KAZ
ІІ орын – Elene KEBADZE GEO
ІІІ орын – Eleonora GHETTI ITA
Әлихан Түсіп
Фото - Қайсар Есенов
