«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Универсиада: Қазақ қызы алғашқы жүлдені жеңіп алды

Универсиада:  Қазақ қызы алғашқы жүлдені жеңіп алды

Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Бұл медальді көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы таспа жаттығуда қалтасына басты. Ол үздік үштіктен орын алды.

Бас жүлдені 18 дүркін Азия чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан) жеңіп алса, күміс медальді бейтарап спортшы, әлем чемпионы Алина Харнаско иеленді.

 

Дастан КЕНЖАЛИН,

АСТАНА

Фото: Туризм және спорт министрлігінің  Спортты дамыту дирекциясы

Қолдау көрсеткен