«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Триатлоншы жастар Азия кубогында екі жүлдеге ие болды

Триатлоншы жастар Азия кубогында екі жүлдеге ие болды

Бүгін Малайзияның Кампар қаласында триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы үшін халықаралық турнир басталды. Ол ертең аяқталады.

Отандастарымыз Рамазан Айнегов пен Елмұрат Қанай жарыста жақсы нәтиже көрсетті. Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанса, Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтони Каглаянға (Түркия) бұйырды. Оның көрсеткіші - 00:58:56

Жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысып жатыр. 

 

Дастан КЕНЖАЛИН,

АСТАНА

Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

 

Қолдау көрсеткен