«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

World Boxing: Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына барады

World Boxing: Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына барады

30 шілде - 12 тамыз аралығында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты болады.

Жаттықтырушылар штабы елімізден жарысқа қатысатын боксшылардың тізімін жариялады.

Ерлер

50 кг: Нұрзат Оңғаров

55 кг: Бексұлтан Боранбек

60 кг: Нұрислам Қалдыбаев

65 кг: Илья Калинин

70 кг: Нұрбек Мұрсал

75 кг: Аман Қонысбеков

80 кг: Санжарәлі Бегалиев

85 кг: Азатбек Жолдасхан

90 кг: Темірлан Мұқатаев

90 килодан аса салмақта Нұрасыл Асылхан

Бас жаттықтырушы: Бақыт Сәрсекбаев

Әйелдер

48 кг: Гүлназ Бөрібаева

51 кг: Томирис Мырзақұл

54 кг: Сымбат Әлиасқар

57 кг: Виктория Байдукова

60 кг: Әсем Таңатар

65 кг: Аружан Жаңабаева

70 кг: Бақыт Сейдіш

75 кг: Шұғыла Нәлібай

80 килодан аса салмақта Әсел Тоқтасын

Бас жаттықтырушы: Елдос Сайдалин

Азия чемпионатына 26 елден 400-ге жуық боксшы қатысады.

 

Дастан КЕНЖАЛИН,

АСТАНА

Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

 

Қолдау көрсеткен