«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Бейбіт Жұқаев алғаш рет Вашингтон АТР 500 турниріне жолдама алды

Бейбіт Жұқаев алғаш рет Вашингтон АТР 500 турниріне жолдама алды

Әлемнің 216-ракеткасы, 24 жастағы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 324-ракеткасы, 30 жастағы итальян теннисшісі Андреа Вавассоримен ойнады.

Бірінші партияда Бейбіт Жұқаев 4:2 есебімен алға шыққанымен, италиялық теннисші таразы басын теңестірді. Сөйтіп, есеп 4:4 болды. Дегенмен Жұқаев тағы бір брейк жасады. Есеп – 7:5.

Екінші сетте тай-брейкте италиялық спортшы сәтті ойнады. Есеп - 7:6 (11:9). Үшінші, шешуші партияда есеп 4:4 болған кезде Бейбіт Жұқаев брейк жасап, матчты эйспен аяқтады. Қорытынды есеп - 6:4.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев алғаш рет Вашингтон ATP 500 турниріне  жолдама алды.

 

 Фото: Қазақстан теннис федерациясы

 

Қолдау көрсеткен