«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Александр Бублик - ATP 250 турнирінің үздік теннисшісі!

Александр Бублик - ATP 250 турнирінің үздік теннисшісі!

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында жалауы желбіреген ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды.

Ол финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс - Александр Бубликтің ATP жарысындағы жетінші жеңісі. Сонымен бірге ол биыл үшінші рет теннис турнирінің жеңімпазы атанып отыр. Енді ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі.

 

Дастан КЕНЖАЛИН,

АСТАНА

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

 

Қолдау көрсеткен