«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Украина теннисшісі Рыбакинамен ойнаудан бас тартты

Украина теннисшісі Рыбакинамен ойнаудан бас тартты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Ол ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар үш рет кортқа шығып, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина айқын басымдылық танытты. Есеп 6:1 болды.

Екінші сетте есеп 2:1 болған кезде Костюк матчты жалғастырудан бас тартты.

53 минутқа созылған ойында Рыбакина эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып үлгерді.

Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 85-ракеткасы, 18 жастағы канадалық Виктория Мбокомен ойнайды. 

 

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қолдау көрсеткен