Кавказда қазақ боксшының інісінің денесі табылды
Грузияда белгілі кәсіпқой боксшы Серік Мусадиловтың інісі Шыңғыс Мусадиловтың мәйіті табылды, деп хабарлады Prosport.kz
Ол 3 тамыздан 4 тамызға қараған түні Тбилисидегі түнгі клубтардың бірінің жанында болып, содан кейін хабарсыз кеткен. Байланысқа шықпай, үйіне де, жұмысына да бармаған.
Жас жігіттің туыстары жан-жаққа хабарласып, құқық қорғау органдарынан көмек сұраған. Алайда ешқандай нәтиже болмай, Шыңғыстың денесі 27 тамызда табылды.
-Әзірге Шыңғыс Мусадиловтың қалай қайтыс болғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Бұл ақпаратты Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растады, - делінген хабарламада.
Серік Мусадилов – Қазақстандағы болашағынан үміт күттіретін кәсіпқой ауыр салмақтағы боксшы. Ол «Панда» лақап атымен танымал. Осы кезге дейін «Панда» 10-нан астам жекпе-жекке шығып, көбісін нокаутпен жеңген.
Фото: Prosport.kz