«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Тимофей Скатов челленджер турнирінде топ жарды

Тимофей Скатов челленджер турнирінде топ жарды

Әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов  Италияның Тоди қаласында өткен челленджер турнирінде топ жарды. 

Ол финалда әлемнің 233-ракеткасы, италиялық Стефано Травальямен ойнап, – 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші партияда Скатов 3:0 есебімен алға шыққан еді. Бірақ Травалья тез арада таразы басын теңестіре алды. Дегенмен Тимофей Скатов тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды.

Екінші сетте италиялық спортшы 6:0 есебімен жеңді. Ал шешуші партияда Т.Скатов жеңісті жұлып алды десе болады. Есеп – 6:2.

Бір апта бұрын ол Германияның Бонн қаласында жалауы желбіреген челленджер турнирінің финалында австриялық теннисші Юрий Родионовқа 6:3, 2:6, 4:6 есе жіберген еді. 

Қазір Скатов ATP Live рейтингінде бірден 193-орынға көтеріліп, ТОП-200-дің қатарына қосылып отыр.

 

Дастан КЕНЖАЛИН,

АСТАНА

Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Қолдау көрсеткен