UEFA: Қазақстан клубтары қаражаттың көбісін мемлекеттен алады

УЕФА Еуропа клубтарының өткен жылдардағы қаржылай есеп-қисабы мен инвестициялық ахуалдарын жариялады.
Қазақстан премьер-лигасындағы 14 клуб жалпы сомасы 87 000 000 еуро қаржы тапқан. Бұл – өткен маусымға, 2023-2024 жылдар кезеңіне тиесілі цифрлар.
Оның басым бөлігі, шамамен 70,5 млн еуро сомасы (81 пайыз) «әр түрлі» табыстар санатына кіреді екен. Әр түрлі қаржы көздерінен түсетін қаражатқа мемлекеттік субсидия да енгізілген.
Біздің клубтардың 5,5 млн еуро кірісі (6 пайыз) – коммерциялық табыс (демеушілерден, жарнамалық келісімдерден және т.б. келісім-мәмілелерден түскен қаржы).
9,8 млн еуроға жуық қаржы (11 пайыз) UEFA-дан түскен. Біздің клубтардың Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасында өнер көрсеткендері үшін – аударылған қаражат.
0,9 млн еуро (1 пайыз) – сатылған билеттерден түскен қаржы.
54 000 000 еуро – футболшыларға жалақы төлеуге кеткен. Бұл UEFA аймағы бойынша 28-орында екенімізді көрсеткен.
Таза трансферлік баланс: (– 1,4 млн еуро).
Қысқасы, бір ғана клубымыздың мемлекеттік емес акционері бар, бірақ бірде-бір клубымыздың шетелдік инвесторы жоқ.
Түйін: ҚПЛ клубтары қаржының басым көп бөлігін (81 %) әлі мемлекеттен алып отыр.
Астыңғы фотоны бассаңыздар, UEFA-ның ҚПЛ клубтары жайлы түзген есеп-қисабы көрінеді.
Нұрғазы Жаппарұлы
