«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Лозанна төрінде – ХОК президентіне үміткерлер

Лозанна төрінде – ХОК президентіне үміткерлер

Швейцарияның әсем қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің 143-ші сессиясы өтіп, онда ХОК президентіне үміткерлердің бәрі өз бағдарламаларын ұсынды.

 

Негізі, ХОК президенті сайлауы 20 наурыз күні Грекияда өтеді. Ал жаңа президент өз қызметіне маусым айынан бастап кіріседі. Дәл қазір кандидаттар саны – жетеу:

Себастьян Коу (Ұлыбритания) – Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының президенті (World Athletics), британ лорды;

 кіші – Хуан Антонио Самаранч (Испания) – ХОК вице-президенті;

Кирсти Ковентри (Зимбабве) – жүзу спортынан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, ХОК Атқару комитетінің мүшесі;

Фейсал әл-Хусейн (Иордания) – ХОК Атқару комитетінің мүшесі, ханзада;

Давид Лаппартьян (Франция) – Халықаралық велоспорт федерациясының президенті;

Моринари Ватанабэ (Жапония) – Халықаралық гимнастика федерациясының президенті;

Йохан Элиаш (Ұлыбритания, Швеция) – Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының президенті.

Лозаннода әр кандидаттың ХОК сессиясына қатысушыларды өз бағдарламасымен таныстыруларына 15 минут уақыт берілген. Одан кейін олар 10 минуттан журналистердің сұрақтарына жауап берген.

Қараша айында (15-і күні) жеребе тартылып, жеті кандидаттың мінберге (ортаға) шығу реті бекітілген. Сол бойынша, әуелі әл-Хусейн шығып, бұл «сынақты» Коу түйіндепті.

Әу баста Себастьян Коу фаворит саналушы еді. Енді оның қатарына кіші – Хуан Антонио Самаранч қосылғандай. Оның бизнес-моделдерді дамыту жөніндегі ой-жоспарлары көптің көңілінен шыққандай. Әкесі секілді, ХОК-ті қаржылай табысты спорттық ұйымға айналдыра алатындай болып көрінген.

Ал Моринари Ватанабэ ағылшын тіліне шорқақ болып көрінгендей. Әрі «Олимпимада ойындарын бір мезетте бес құрлықта өткізу керек» деген идеясы да түсініксіздеу болған секілді.

Енді, әліптің артын тосамыз. Себебі, қазір – Коу 68-де, ал кіші-Самаранч 65-те. Ал ХОК президенті 8 жыл мерзімге сайланады (содан соң тағы 4 жылға қайта сайлана алады. ХОК хартиясында президенттің жасы 70-тен аспауы керек...

Фотолар – AIPS Media

Қолдау көрсеткен