«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Футзалшыларымыз Дания құрамасынан ұтылып қалды

Футзалшыларымыз Дания құрамасынан ұтылып қалды

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасы аясында үшінші ойынын өткізіп, көпшілікті таң қалдырып, жаза басты.

 

Сәтсіздік елден шықпай жатып басталды. Батысқа жол жүрерде команда капитаны, үздік қақпашымыз Лео Игита аяқасты сырқаттанып, түздегі ойынға бара алмады. Сәл кейінірек тамақтан ұшынып қалғаны белгілі болды.

Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасының бұл матчта ойын өрнегі үйлеспей қойды. Дат футболшылары 27-минутта еспеп ашты. Көп ұзамай, қақпашымыз (!) Нарун Сериков таразы басын теңестірді.

Бұдан кейін Дания құрамасы екі гол соғып, қайтадан алға шықты. Қалған алты минутта Қазақстан футзалшылары бір ғана гол соғып, есепті қысқартты. Одан әріге шамалары жетпеді. Соңғы допты Дәурен Тұрсағұлов салды.

Қазақстан құрамасы бұған дейін, түзде Албания құрамасын 2:0 есебімен ұтып, өз жерімізде Армения футзалшыларымен 4:4 есебімен тең түскен. Әзірше қоржынымызды – 4 ұпай ғана. Жағдай мәз емес...

Нұрғазы Жаппарұлы

Қолдау көрсеткен