Көш басында – әлі үшеу

Демалыс күндері Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында 4-турдың ойындары өтті.
Бұл турда көш басындағы командалардың бәрі де жеңіске жетті. Сөйтіп, «Қайрат», «Ақтөбе», «Астана» үшеуі 10 ұпайдан жинап, турнир кестесінде иық тіресіп келеді. «Тобыл» сегіз, ал «Елімай» жеті ұпаймен бұлардан қалмауға тырысып жүр.
Төртінші турда бір ғана ойын тең аяқталды. Үш кездесуде қонақтар жеңіске жетіп, қалған үшеуінде алаң иелері басым болды. Жеті ойында 22 гол соғылды. Нәтижелі тур. Үш матчта бес голдан соғылды. «Қайраттың» жас таланты, Дастан Сәтбаев Атырауда екі гол соғып, тағы да көзге түсті.
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Тобыл» (Қостанай) – 0:1 (0:0)
Гол: Зуев, 90+3.
Алаңнан қуылды: Н.Ыдырысов, 66 («О», екінші ескерту).
«Жетісу» (Талдықорған) – «Жеңіс» (Астана) – 0:0
«Қызылжар» – «Тұран» (Түркістан) – 2:3 (2:1)
Голдар: Гбамбле, 37 (1:0). Стасевич, 40 (1:1). Себаи, 44 (2:1). Аскаров, 67 (2:2). Згурский, 90+1 (2:3).
«Астана» – «Ордабасы» (Шымкент) – 2:1 (1:1)
Голдар: Камара, 34 (1:0). С.Астанов, 41 (1:1). Камара, 58 (2:1).
«Атырау» – «Қайрат» (Алматы) – 1:4 (0:0)
Голдар: Сәтбаев, 51 (0:1). Сәтбаев, 54 (0:2). Чунчуков, 56 (1:2). Станоев, 71 (1:3). Жоржиньо, 80 (1:4).
Алаңнан қуылды: Чадунели, 90 («А» , екінші ескерту).
«Ақтөбе» – «Қайсар» (Қызылорда) – 4:1 (2:0)
Голдар: Қайыров, 14 (1:0). Бердібек, 43 (2:0). Умаев, 55 (3:0). Өміртаев, 75 (4:0). Жақсылықов, 90+1 (4:1).
«Елімай» (Семей) – «Ұлытау» (Жезқазған) – 3:0 (1:0)
Голдар: Плакка, 44. Мулич, 74. Жұмаханов, 90+3.
Айқын ЖАППАР
Фото: "Ұлытау" ФК