«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Қазақстан шорт-тректен төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан шорт-тректен төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Шорт-трек федерациясы.

Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ Алина Галечина 1500 метрлік қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да үшінші орынға ие болды.

Турнир 23 қаңтарда аяқталады.

 

Фото: Шорт-трек федерациясы

Қолдау көрсеткен