«Ақтөбе» биылғы ел кубогынан тыс қалды

Осы аптадағы демалыс күндері, футболдан Қазақстан кубогының 1/8-финалдық ойындары өтті. Екі күнде сегіз матч өтіп, жеңіске жеткен командалар келесі кезеңге өтті.
Қазақстан кубогының ширек финалында додаға түсетін жұптар анықталды. Бұл алдын-ала тартылған жеребе бойынша бекітілген кесте негізінде жүзеге асты. Ал 1/8-фирналындағы ойындардың көбісі тартысты өтті.
Бір ойында жеңімпаз тек пенальти арқылы анықталса, енді бір матчта қосымша екі экстра-тайм өткізуге тура келді. Үшінші бір кездесудегі ширек фирнал жолдамасының иегері тек соңғы секундтарда, матчтың негізгі уақұытына қосылған минутттардың соңында белгілі болды.
«Ұлытау» (Жезқазған) – «Елімай» (Семей) – 0:3 (0:2)
Голдар: Плакка, 39. Жұмаханов, 45+1. Плакка, 50.
«Қызыл-Жар» – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:0
Гол: Нойок, 90+2.
«Қайрат» (Алматы) – «Каспий» (Ақтау) – 3:0 (2:0)
Голдар: Зария, 9-пенальтиден. Зария, 45-пенальтиден. Сәтбаев, 53.
«Тұран» (Түркістан) – «Атырау» – 2:0 (2:0)
Голдар: Стасевич, 6. Милойко, 31.
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Астана» – 1:1 (1:0, 0:1, 0:0; пенальтиден – 7:8)
Голдар: Мұхемед, 21 (1:0). Кәрімов, 63 (1:1).
«Хан-Тенгри» (Алматы) – «Ордабасы» (Шымкент) – (0:1)
Голдар: Эвертон, 25. Жимо, 47.
Алаңнан қуылды: Антич, 90+1 («О»).
«Жеңіс» (Астана) – «Ақтөбе» – 1:0 (0:0)
Гол: Ром, 77.
«Тобыл» (Қостанай) – «Жетісу» (Талдықорған) – 1:0 (0:0, 0:0; экстра-тайм)
Гол: Жұмашев, 116.
Ширек финалдық жұптар (14.05.2025):
«Қызыл-Жар» – «Елімай»
«Қайрат» – «Ордабасы»
«Тұран» – «Тобыл»
«Жеңіс» – «Астана»
Естеріңізге сала кетейік, ширек финалдық ойындар 14 мамыр күні өтеді. Ал жартылай финалдық кездесулер 25 маусым және 30-31 тамыз күндеріне белгіленген (үйде және түзде жүйесімен). Финал 1 қараша күні өтеді деп жоспарланған.
Айқын ЖАППАР
