Футзалшыларымыз Вьетнам құрамасынан ұтылып қалды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Хошиминде Вьетнам футзалшыларымен жолдастық кездесу өткізіп, ұтылып қалды. Есеп – 1:4.
Қазақстан ұлттық құрамасы 11 сәуірден бері Хошиминде оқу-жатығу жиынын өткізіп жатыр. Осы жиын аясында Вьетнам құрамасымен екі рет жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. 16 сәуірге дейін өтетін ОЖЖ вьетнамдықтардың (ВФФ) ұсынысымен ұйымдастырылған көрінеді.
Бірінші жолдастық кездесу бүгін өтіп, өкінішке қарай, Қазақстан футзалшылары 1:4 есебімен ұтылып қалды. Әрине, бұл ресми ойын емес. Екінші матч 15 сәуірде өтуі керек. Бәлкім, сол ойында есе қайтарудың сәті түсер...
Вьетнам – Қазақстан – 4:1
Гол: Ержан Қарменов
Қазақстан: Жеткірбаев; Дәрібай, Валиуллин, Сағындықов, Қайырбай – Игита; Қарменов, Дерябин, Әбдуманапұлы, Рашит, Ақбалықов, Пиялы, Қоспанов, Марахов.
Айқын ЖАППАР
