«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Индонезияның Бали қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан ерлер командасы күміс медальге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Финалда Қазақстан мен әлемдегі көшбасшының бірі, Олимпиада чемпионы Жапония құрамасымен сынға түсіп, 24:45 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов пен Кирилл Проходов сыпға түсті, - делінген хабарламада.

Чемпионатта Қазақстан құрамасы 1/16 финалда Түркменстаннан, кейін Сингапурды, жартылай финалда Қытайдан басым түсті. Осыған дейін чемпионатта Вадим Шарлаимов жекелей сында қола жүлдегер атанған болатын.

 

Фото: Халықаралық семсерлесу федерациясы

 

Қолдау көрсеткен