«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті

22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті

13-18 ақпан күндері Талдықорғанда, бокстан алғаш рет 22 жасқа дейінгі жігіттер арасында Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 237 боксшы келіп қатысып, 13 салмақ дәрежесінде бақ сынады.

 

Ең көп боксшы жиналған салмақ дәрежесі 63,5 келі болды – 35 боксшы. Ал ең аз боксшы жұдырықтасқан салмақ дәрежесі 92 келіден жоғары, ең ауыр салмақ болды – 5 «алып». Бұл чемпионаттың енді бір ерекшелігі, жартылай финалда ұтылып қалғандар үшінші орынды өзара сарапқа салды.

Ең үздік боксшы – Диас Берікбай (Жетісу обл)
Техникалық шеберлігі үздік боксшы - Бақтияр Анарбаев (Түркістан обл)
Жеңіске жігері көпшілікті тәнті еткен – Ибрагим Бетаев (Астана)

Жалпы командалық есеп:

Алматы қаласы – 3 алтын, 1 күміс

Қарағанды облысы – 2+1+3 қола

Түркістан облысы – 2+1+1

Шымкент қаласы – 2+0+0

Жамбыл облысы – 1+1+2

Жетісу облысы – 1+1+0

Алматы облысы – 1+0+1

Павлодар облысы – 1+0+0

Астана қаласы – 0+2+2

Маңғыстау облысы – 0+2+1

Ақмола облысы – 0+1+2

Қызылорда облысы – 0+1+0

Батыс Қазақстан облысы – 0+1+0

Абай облысы – 0+1+0

Қостанай облысы – 0+0+1

Финалдық жекпе-жектер:

48 келі: Тілеуберді Сүлеймен (Шымкент) – Әли Тоқтаров (Астана) – 5:0
51 келі: Диас Берікбай (Жетісу обл) – Рамазан Рузибай (Алматы) – 5:0
54 келі: Кенже Мұратұлы (Алматы обл) – Бақберген Тұрсынбай (Қызылорда обл) – 5:0
57 келі: Әлихан Ақпанбаев (Павлодар обл) – Жасурбек Анарбаев (Қарағанды обл) – 4:1
60 келі: Нұрислам Қалдыбаев (Түркістан обл) – Адайбек Ниязбай (Маңғыстау обл) – 5:0
63,5 келі: Мағжан Әлімов (Ақмола обл) – Ерасыл Ермек (Қарағанды обл) – 0:5
67 келі: Әбдіғалым Әбдікерім (Түркістан обл) – Бақтияр Анарбаев (Түркістан обл) – 0:5
71 келі: Ағажан Қадыр (Маңғыстау обл) – Абылай Сман (Алматы) – 3:4
75 келі: Еркебұлан Шайкенов (Жетісу обл) – Ислам Советов (Қарағанды обл) – 0:5
80 келі: Аян Қалмағабетов (БҚО) – Саят Ашимов (Алматы) – 0:5
86 келі: Мадияр Бексұлтанов (Жамбыл обл) – Ибрагим Бетаев (Астана) – 5:2
92 келі: Азатбек Жолдасхан (Шымкент) – Икромжон Сайдахраров (Жамбыл обл) – 4:1
+92 келі: Нұрасыл Думанов (Абай обл) – Ерсұлтан Сапар (Алматы) – Ерсұлтан жекпе-жексіз жеңді.

Әлихан Түсіп

Фото – ғаламтордан

Қолдау көрсеткен