«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Қазақстан футболшылары Солтүстік Корея құрамасынан ұтылып қалды

Қазақстан футболшылары Солтүстік Корея құрамасынан ұтылып қалды

Бүгін Қазақстан құрамасының қосалқы құрамдағы футболшылары Солтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды.

 

Бұл Қазақстан құрамасының Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясындағы жолдастық кездесу болатын. Али Алиевтің қарамағындағы футболшыларымыз бұған дейін Ташкенттің «Локомотив» клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен. Біздің құрама сапынан гол соққан – Айбар Жақсылықов.

 Бүгін Қазақстан құрамасы ойында  мына құрамда бастады: Жомарт, Хасейн, Нәбиханов, Мұжықов, Жақсыбаев, Жақсылықов, Жұмашев, Есімбеков, Мұхамед, Жагоров, Қараман.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Өкінішке қарай, матч соңында КХДР футболшылары екі гол соғып кетті. Бұл – біздің ұлттық құрама емес, әрі жолдастық кездесу. Сондықтан бапкерлеріміз де, футболшыларымыз да бүгінгі жеңілістен сабақ алып, қорытынды шығарады деп үміттенеміз.

Айқын Жаппар

Фото - ҚФФ сайтынан

Қолдау көрсеткен