Меруерт Камалиденова биылғы әлемдік додадағы үздік шахматшыны жеңді

Грузияда өтіп жатқан шахматтан Әлем кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті.
Осы сынға қатысып жатқан 19 жастағы Меруерт Камалиденова ресейлік Анна Шухманды (2413) 1,5:0,5 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.
Қазір отандасымыз рейтингте 59-шы орында тұр.
Осылайша, Камалиденова екінші сенсациялық жеңіске жетті. Бұған дейін ол қазіргі әлем чемпионы Александра Горячкинаны жеңген болатын.
Әлем кубогының жүлде қоры шамамен - 700 000 АҚШ доллары. Ол 28 шілдеге дейін жалғасады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
Фото: Дастан Қапаев (KazChess)