«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде үздік шықты

Жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде үздік шықты

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында 18 жасқа дейінгі жастар арасында теннистен ITF Juniors J30 турнирі аяқталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Бозбалалар арасында Даниель Юрекли финалда америкалық Аруша Котені 6:2, 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Бұл — Даниельдің ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулы.
Сондай-ақ Родион Лукашов пен Тимур Сауленко жұптық сында үздік шықты. Олар соңғы бәсекеде жергілікті теннисшілер Давид Могилевский мен Никита Клетцовтан 4:6, 6:3, 10:4 есебімен басым түсті.

Қыздар арасында Сабина Шухратова финалда ғана қырғызстандық Сабина Хаибрахмановаға есе жіберді. Есеп - 2:6, 1:6. Ал жұптық сында Сафина Сафиуллина мен Яна Штода ресейлік Софья Бахарева мен Софья Шарипованы 6:7 (1:7), 7:6 (7:5), 10:4 есебімен жеңді.

 

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қолдау көрсеткен