«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Жас боксшыларымыз Әлем кубогынан олжалы оралды

Жас боксшыларымыз Әлем кубогынан олжалы оралды

Бокстан Қаратау (Montenegro, Crna Gora) елінде өткен, жастар арасындағы «Адрия інжуі-маржаны» халықаралық турнирінде еліміздің ұл-қыздары аса жоғары нәтижеге қол жеткізді.

 

Будва рингінде Қазақстан жастары 27 медаль еншіледі. Жалпы саны 4 алтын, 11 күміс және 12 қола медаль олжалап қайтты.

Ержеткендер арасындағы Әлем кубогы қорытындысында Мақсат Бақтыбазаров жаттықтыратын жігіттеріміз 17 медаль жеңіп алды – 2 алтын, 4 күміс, 11 қола:

алтын: Нығман Нығмет (57 келі), Жасұлан Бердалы (75 келі);

күміс: Алдияр Баһадур (54 келі), Игорь Соловьев (75 келі), Санжар Сейітқамит (92 келі), Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі);

қола: Нұрхан Құмарбеков (48 келі), Бексұлтан Қожамжар (48 келі), Айдос Үсенов (51 келі), Әли Мұрат (54 келі), Бауыржан Мұратов (57 келі), Ердәулет Саит (60 келі), Алихан Әскер (63,5 келі), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 келі), Сұлтан Тұрдалы (67 келі), Бекарыс Нұрмұхан (71 келі), Бейбарыс Әшірбай (71 келі).

Жастар арасындағы Әлем кубогының қорытындысы бойынша Нығман Нығмет (57 келі) Қаратау рингіндегі «турнирдің үздік боксшысы» болып танылды (суретте).

Бойжеткендер арасындағы Әлем кубогында Жангелді Ахметов баптайтын Қазақстан қыздар құрамасы да жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 10 медаль олжалады – 2 алтын, 7 күміс, 1 қола:

алтын: Регина Тибенява (57 келі), Ақбота Есімбекова (66 келі);

күміс: Рахмина Абдумежитова (52 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Алина Құдайгенова (63 келі), Айсұлу Мұхит (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Зарина Толыбай (75 келі), Сабина Жақсылық (+81 келі);

қола: Толғанай Қасымхан (60 келі).

Әлихан Түсіп

Қолдау көрсеткен