«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Парадзюдошыларымыз Әлем кубогын екі алтынмен бастады

Парадзюдошыларымыз Әлем кубогын екі алтынмен бастады

Тбилисиде парадзюдодан Әлем кубогы басталып, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) қатысушылар саны турнир сайын артып келе жатқанын ерекше атап өтті. Ұйымдастырушылар таратқан ақпаратқа сүйенсек, Грузия татамиіне 25 мемлекттен 250 балуан жиналыпты.

 

Грузиядағы парадзюдошылар турнирі Қазақстан спортшылары үшін сәтті басталды. Бірінші күнгі белдесулерде біздің балуандар 2 алтын, 1 күміс олжалады.

Олимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек (J2, 52 келі) бұл жолы да өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль иеленді. Ол финалда Германия қызы Изабель Тальдан басым түсті.

Оған дейін Альфия Тілекқабыл (J1, 52 келі) өз салмағында топ жарып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген болатын. Ол финалда ресейлік Виктория Потапованы жеңді.

Ғалымжан Смағұлұлы (J2, 81 келі) финалда Литва балуаны, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Освальдас Барейкиске есек жіберіп алып, күміс медаль еншіледі.

Бірінші күні бақ сынаған басқа парадзюдошыларымыздың көрсеткіштері:

J1M, 81 келі: Ерғали Шамей және Бауыржан Арыстанбеков – екеуі де VІІ орын;

J1W, 52 келі: Іңкәр Бауыржан – VІІ орын;

J2W, 60 келі: Даяна Федосова – V орын. 

Әлихан Түсіп

Қолдау көрсеткен