Қазақстан футболының үздіктері екшеле бастады

Жиырма күнге созылған үзілістен кейін Қазақстан премьер-лигасындағы доп додасы қайта жалғасып, демалыс күндері үшінші турдың ойындары өтті.
Үшінші турдан кейін жүлделі орындардан үмітті ұжымдар оқшауланып, көзге түсе бастады. Әзірше, көш басында – үш команда. Осы үшеуінің қарқындары – өзгеше. Бұлардан «Тобыл» мен «Елімай» да қалыспауғы тырысатын шығар.
Жалпы, үшінші тур қызықты өтті. Төрт ойында пенальти соғылып, біреуінде автогол тіркелді. Ал екі кездесуде ойыншылар алаңнан қуылды. Әрі нәтижелі тур болды. Жеті матчта – 18 гол, бір hat-tricr (хет-трик).
Бұл турдағы негізгі матч Қостанайда өтті. «Тобыл» соңғы минуттарда қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Әйтпесе, көш басындағы үшеумен иық тіресіп тұрар еді. Ал «Елімай» маңызды матчта ұтылып қалмай, бір ұпай олжалап қайтты.
«Қайсар» (Қызылорда) – «Оқжетпес» (Көкшетау) – 2:2 (2:0)
Голдар: Жақсылықов, 20 (1:0). Жақсылықов, 38-пенальтиден (2:0). Марат, 59 (2:1). Йованович, 89 (2:2).
Алаңнан қуылды: Мырзағалиев, 57 («Қ»).
«Тұран» (Түркістан) – «Қайрат» (Алматы) – 1:2 (0:1)
Голдар: Зария, 30-пенальтиден (0:1). Стасевич, 54 (1:1). Жоржиньо, 75 (1:2).
Алаңнан қуылды: Широбоков, 48 («Қ»).
«Атырау» – «Ақтөбе» – 0:4 (0:2)
Голдар: Агбо, 8. Морайс, 38-автогол. Ивкович, 68. Бердібек, 89.
«Астана» – «Жетісу» (Талдықорған) – 3:0 (2:0)
Голдар: Томасов, 13. Томасов, 45+1. Томасов, 63.
«Ұлытау» (Жезқазған) – «Жеңіс» (Астана) – 1:1 (0:1)
Голы: Дачи, 17 (0:1). Солодовников, 49-пенальтиден (1:1).
«Тобыл» (Қостанай) – «Елімай» (Семей) – 1:1 (1:0)
Голдар: Сигневич, 9 (1:0). Флореску, 90+2-пенальтиден (1:1).
«Ордабасы» (Шымкент) – «Қызылжар» (Петропавл) – 0:0
Айқын Жаппар
Фото – "Тобыл" ФК
