FIFA-ның ұлттық құрамалар рейтингінде төмен сырғыдық

Бүгін, 3 сәуір күні, FIFA (Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы) Ұлттық құрамалар рейтінгін жаңғыртты.
Қазақстан құрамасы бұл рейтингте үш саты төмен сырғып, 113-орынға табан тіреді. Келесі жолы бұл тізім, тоқсан сегіз күннен кейін, яғни 10-шілде күні жаңғыртылады.
Өздеріңіз білесіздер, жақында Қазақстан құрамасы екі ресми ойын өткізіп, біреуінде ұтылып (1:3 есебімен Уэльстен), екіншісінде жеңіске жеттік (2:0 есебімен Лихтенштейнді ұттық). Осалдау құраманы ұтқандықтан, жағдайымызды түзеу мүмкін болмады. Сөйтіп, 110-орынға да тұрақтай алмай, төмен ығыстық...
2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен «J» тобында ойнайтын төрт құраманың рейтингтегі орындарына көз жүгірте кеткеніміз артық болмас:
- Бельгия: 8-орын, 1735,75 ұпай
- Уэльс: 29-орын, 1535,57 ұпай
- Солтүстік Македония: 67-орын, 1375,58 ұпай
- Лихтенштейн: 205-орын, 813,86 ұпай
3 сәуір күні жаңғыртылған рейтингтегі алғашқы ондық пен көршілеріміздің жағдайлары төмендегідей:
1 (1). Аргентина – 1886,16
2 (3). Испания – 1854,64
3 (2). Франция – 1852,71
4 (4). Англия – 1819,2
5 (5). Бразилия – 1776,03
6 (7). Нидерланд – 1752,44
7 (6). Португалия – 1750,08
8 (8). Бельгия – 1735,75
9 (9). Италия – 1718,31
10 (10). Германия – 1716,98
25 (25). Украина – 1559,81
35 (34). Ресей – 1516,27
57 (58). Өзбекстан – 1437,02
68 (68). Грузия – 1373,05
98 (98). Беларусь – 1235,36
102 (100). Армения – 1208,31
103 (107). Қырғызстан – 1205,68
104 (104). Тәжікстан — 1203,42
113 (110). Қазақстан – 1177,66
119 (117). Әзербайжан — 1150,64
Айқын ЖАППАР
