Әлем кубогының финалына үш боксшымыз шықты

World Boxing ұйымы өткізіп жатқан Әлем кубогының финалына үш боксшымыз шықты. Бразилия рингінде енді финалдық жекпе-жектер өтеді.
Қазақстан қоржынында – әзірше, үш қола. Жартылай финалда боксшыларымыздың жартысы ұтылып қалды. Кеше Даниял Сапарбайдың (+90 келі) жартылай финалда өзбек алыбы Жахонгир Зокировтан ұтылғанын жазғанбыз.
Одан кейін шаршы алаңға бесеуі шығып, үшеуі жеңіске жетті де, екеуі жеңілістің кермек дәмін татты. Енді осы жекпе-жектердің нәтижелеріне көз жүгіртіңіздер:
«World Boxing Cup: Brazil 2025 – Foz do Iguaçu» турнирі. Жартылай финал:
51 келі: Жазира Орақбаева – Наталья Кучевска (Польша) – 3:2
55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек – Маниш Ратхор (Үндістан) – 5:0
85 келі: Дәулет Төлемісов – Абдулайе Траоре (Франция) – нокаут (2-раундта)
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек – Юлия Шеремета (Польша) – 0:5
80 келі: Диас Молжігітов – Жавохир Умматалиев (Өзбекстан) – 0:5
+90 келі: Даниял Сапарбай – Жахонгир Закиров (Өзбекстан) – 0:5
Боксшыларымыздың финалдағы қарсыластары:
51 келі: Жазира Орақбаева – Лючиа Элен Айари (Италия)
55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек – Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан)
85 келі: Дәулет Төлемісов – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
Әлихан ТҮСІП