«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Баку мен Қиыр Шығыстағы халықаралық турнирлерге қатысатын боксшыларымыз

Баку мен Қиыр Шығыстағы халықаралық турнирлерге қатысатын боксшыларымыз

Бокстан әйелдер және ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының қыз-жігіттері Бакуде және Хабаровскіде өтетін халықаралық турнирлерге қатысады.

 

Қазақстан ұлттық құрамаларының бас бапкерлері екі турнирге қатысатын боксшылар тізімін жариялады. Ерлер және әйелдер арасындағы ұлттық құрамаларымыздың бас бапкерлері, яғни Қайрат Сәтжанов пен Елдос Сайдалин екі тізім шығарды.

Ерлер арасындағы ұлттық құрамамыз Ресейдің Кисловодск қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізген. Осы жиынға қатысқан күрзі жұдырықты жігіттеріміз Хабаровсктегі Константин Коротковты еске түсіруге арналған XVI халықаралық турнирге қатысатын болды. Бұл турнирге 20 шақты елден 150 боксшы қатысатын көрінеді.

Ал Бакуде бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысқан бір топ жігіттеріміз “Жібек жолы” халықаралық турниріне қатысатын болды. Екі құрам да төмендегі – фотобейінде.

Дәл қазір Алматы облысындағы Жанашар ауылында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан әйелдер арасындағы ұлттық құрамамыз да сәуір айында екі халықаралық турнирге қатысады. Бас бапкер Елдос Сайдалин осы сынақтарға қатысатын тізімді жариялады.

Әлихан ТҮСІП

Қолдау көрсеткен