«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Футболдан бірінші лига додасы басталды

Футболдан бірінші лига додасы басталды

2025 жылғы Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында 14 команда додаға түседі. Осы аптаның ортасында бірінші турдың ойындары басталып, кеше қалған төрт ойыны өтті.

 

Бірінші лига додасы сәуірде басталып, қазан айының соңында аяқталады. Биыл бұл топта 14 команда ойнайды. Барлық командалар екі айналымдық жүйемен 26 ойыннан өткізеді. 2025 жылғы маусымда «Тараз», «Шахтер», «Алтай» секілді азулы командалар да, өзгелермен бірге Премьер-лиганың екі жолдамасына таласады.

Жоғарыда жазғанымыздай, кеше бірінші турдың ойындары аяқталды:

«Ертіс» (Павлодар) – «Екібастұз» – 4:0  

«Каспий» (Ақтау) – AKAS (Алматы) – 3:1

«Түркістан» – «Шахтер» (Қарағанды) – 1:2

CD Family (Астана) – «Қайрат-жастар» (Алматы) – 3:0

«Хан-Тенгри» (Алматы) – «Ақтөбе Ж» – 2:0

«Академия Оңтүстік» (Шымкент) – «Алтай» (Өскемен) – 0:2

«Тараз» – «Жетісай» – 1:2

Айқын ЖАППАР

Фото - ФК "Шахтер"

Қолдау көрсеткен