Боксшыларымыз Испанияда бақ сынайды

Ертең бокстан Ла-Нусияда (Аликантеде) халықаралық турнир басталады. Жыл басындағы дәстүрлі турнирге жігіттеріміз «екі құраммен қатысады» деуге болады.
Аликанте рингіндегі турнир, ерлер арасында, 13 салмақ дәрежесінде өтеді. Оған біздің елден 26 былғары қолғап шебері қатысады. Сонымен қатар, әйелдер арасында төрт қызымыз бақ сынайды.
Қазақстан боксшылары Испанияға осыдан бір апта бұрын аттанып кеткен. Сонда барып, шетелдік қыз-жігіттермен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Дәстүрлі турнир 9 ақпан күні аяқталады. Енді, Аликанте рингінде ел намысын қорғайтын құрама сапымен таныс болыңыздар:
48 келі: Ернар Қарап, Нұрзат Оңғаров
51 келі: Ернұр Қайрат, Рамазан Нұрлыбаев
54 келі: Бағлан Кенжебек, Ақтілек Орынбасар, Жандәулет Сәрсенбаев
57 келі: Жасұлан Тілеумбек, Ерхан Тұрдан
60 келі: Шыңғыс Мусинов, Бейбарыс Жексен
63.5 келі: Алмат Абдуали, Жандос Қыдыралиев
67 келі: Дулат Бекбауов, Елнұр Сүйінбай
71 келі: Дархан Дүйсебай, Аман Қонысбеков
75 келі: Диас Молжігітов, Мақсат Өтегенов
80 келі: Дәулет Төлемісов
86 келі: Бекнұр Батырбек, Темірлан Мұқатаев, Бекзат Таңатар
92 келі: Мәди Әміров. Нурмагамед Юсупов
+92 келі: Даниял Сапарбай
Әйелдер:
48 келі: Роксана Гасымова
60 келі: Гүлжайна Уббиниязова
70 келі: Бақыт Сейдіш
75 келі: Диана Мағауияева
Әлихан Түсіп