«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Қазақстан хоккейшілері Азия ойындарын ірі жеңіспен бастады

Қазақстан хоккейшілері Азия ойындарын ірі жеңіспен бастады

Харбиндегі қысқы Азия ойындары ресми түрде әлі ашылмағанымен, хоккейшілер додасы кеше басталды.

 

Әуелі мұз айдынға хоккейші арулар шықты. Әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы кеше Гонконг қыздарын 12:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал бүгін Таиланд аруларынан 9:0 есебімен үстем түсті. Мұзайдынға қыздарымыз мына құрамда шықты:

Щеколова, Молдабай – Турсынова, Филимонова – Оразбаева – Шегай; Пяткова – Олжабаева, Әшімова – Алдабергенова – Свиридова; Воронова – Буторина, М.Саяхатқызы – Д.Саяхатқызы – Зубкова; Мескини – Яковлева, Иванченко – Куценко – Королева.

«В» тобындағы ендігі қарсыластары Тайпэй және Жапония қыздары болады. Қыздарымыз осы екеуінің біріншісін жеңіп, финалдық додаға шығулары керек. Онда Азияның төрт үздік құрамасы жүлделі орындарды сарапқа салады.

Ал ерлер арасындағы дода бүгін басталды. Қазақстан хоккейшілері де бүгін Таиланд құрамасымен кездесті. Деңгейлері жоғары жігіттеріміз 12:0 есебімен басымдық танытты. Бұл матчта біздің жігіттер мына құрамда өнер көрсетті:

Шутов; Данияр-Бекетаев, Старченко-Өмірбеков-Рымарев; Бреус-Гайтамиров, Савицкий-Гренц-Панюков; Степаненко-Михайлов, Колесников-Лихотников-Буяльский; Королев-Бутенко, Чапоров-Борисевич-Оспанов.

Гол соққандар: Бекетаев (2), Лихотников (2), Өмірбеков, Оспанов, Гайтамиров, Старченко, Степаненко, Рымарев, Буяльский, Колесников.

Ертең хоккейші жігіттеріміз Қытай құрамасымен кездеседі. Ал қыздарымыз бір күн дем алады. Маңызды кездесулер – әлі алда.

Нұрғазы Жаппарұлы

Фото - ҚХФ сайтынан

Қолдау көрсеткен