Боксшылар қоржынында – 18 медаль

Қазақстан боксшылары Испанияда өткен «Boxam Elite-2025» халықаралық турнирінде 18 жүлде олжалады.
Негізі, Ла-Нусияда өткен турнирге біздің елдің бапкерлері ұзын саны 30 боксшы (26 жігіт + 4 қыз) қосқан. Солардың жартысынан көбі жүлдеге ілікті. Кейбір салмақтарда өз жігіттерімдің жолдары түйісіп те қалды.
Сонымен, ерлер арасындағы турнир қорытындысы бойынша:
Алтын (6):
Нұрзат Оңғаров (48 кг), Бағлан Кенжебек (54 кг), Ерхан Тұрдан (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Алмат Абдуали (63,5 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг).
Күміс (3):
Ернар Қарап (48 кг), Ақтілек Орынбасар (54 кг), Жандос Қыдыралиев (63,5 кг).
Қола (6):
Жасұлан Тілеумбек (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Елнур Сүйінбай (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Дәулет Төлемісов (80 кг), Даниял Сапарбай (92+ кг).
Әйелдер арасында (0+2+1):
Роксана Гасымова (48 кг) және Бақыт Сейдіш (70 кг) – күміс;
Диана Мағауяева (75 кг) – қола.
Әлихан Түсіп
Фото - asbcnewsorg